Кәмелетке толмағандармен профилактикалық сабақтар өткізілді

Құқық бұзушылық –бұл қоғамға қарсы әрекет. Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйретеміз. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру  өте маңызды. Құқықтық сауаттылықты арттыру құқықтық тәрбиемен келеді.

Участок» және «»Мотокөлік» іс-шаралар барысында №45 УПП-нің қызметкерлері кәмелетке толмағандармен профилактикалық сабақтар өткізді

17.10.2022 жылы республикалық «Участок» және «Мотокөлік» профилактикалық іс-шаралар аясында Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ-на қарасты №45 УПП-нің аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Рахымжан Хахаров №63 мектепке барып, оқушылармен сабақ өткізді.

Кездесу барысында полиция қызметкері Р.Хахаров ішкі істер органдарында жылдар бойы жинаған тәжірибесі мен білімін оқушылармен бөлісіп, кәмелетке толмаған балдармен қылмыстары мен құқық бұзушылықтарының алдын алу жайлы сөз қозғады. Білім алушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ білім беру процесіне қатысушылардың барлығының құқықтық мәдениетін арттыруға баса назар аударды. Сонымен қатар, көшедегі тәртіп ережелерін еске салып, жол қозғалысы ережелерін қайталап, басқа балаларды ренжітпеуге, жақсы оқуға және ата-аналарын тыңдауға шақырды.

Өз кезегінде оқушылар бұл форматтағы сабақты қуана қабылдап, белсенділік танытты.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қай жастан бастап әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы, қандай әрекеттер заңсыз екендігі және әкімшілік құқық бұзушылықтың қылмыстық жазадан айырмашылығы туралы айтылды. Жасөспірімдер полицейлерді қызығушылықпен тыңдап, өздерінің сұрақтарына толық жауап алды.