Шымкент қалалық сотында «Сот жүйесіндегі соңғы жылдардағы жаңашылдықтар туралы» Үкіметтік емес ұйым (Бұдан әрі – ҮЕҰ) басшыларына арналған «Ашық есік күніне» ҮЕҰ-ның өкілдері мен журналистер қатысты.
Шараның басында ҚР Сот әкімшілігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті құжат айналымы бөлімінің басшысы Ә.Елшібаев қонақтарға фронт-кеңсенің және сот отырысы залындағы аудиобейне жазбаның жұмысы жөнінде айтып, сонымен қатар Жоғарғы Соттың «Төрелік» ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктері туралы түсіндіріп өтті.
Қабыл Дүйсенби қонақтарға «Қабылдау орталығы» мен кітапхананы және мұражайды таныстырып, әңгімелеп берді. Одан әрі шара «Ақпарат орталығында» жалғасып, қалалық соттың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды үйлестіруші судьялары Б.Нәсірдінов, В.Мирошников, С.Мырзахметов және мен ҮЕҰ-дың басшыларына сот жүйесіндегі және қала соттарындағы соңғы жаңашылдықтар жөнінде жан-жақты баяндап берді. Жиын соңында қонақтардың қойған сұрақтарына судьялар тарапынан толыққанды жауаптар берілді.