Шымкентте 5 мектеп жанынан қосымша ғимараттың құрылысы жүргізілуде

Шымкент қаласында биыл бюджет есебінен 5 мектептің жанынан 300 орындық қосымша құрылыс жүргізілуде. Себебі бұл мектептер қазіргі таңда 3 ауысымды білім беруде. Нәтижесінде қалада үш ауысымды мектептер саны 9-дан 5-ке төмендейді.Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов қосымша ғимарат құрылысы жүргізіліп жатқан Нұрсәт ықшамауданындағы № 80 орта мектепке барды. Қала әкімі жауапты тұлғаларға жұмысты сапалы және межелі мерзімде тапсыруды міндеттеді.Жаңа ғимараттың «А» блогында кіреберіс және спортзал, 66 орындық асхана қарастырылған болса, «Б» блогында бастауыш сынып оқушыларына арналған 375 орын бар.Қосымша нысан құрылысы осы жылдың мамыр айында толығымен аяқталып, жаңа оқу жылында пайдалануға берілмек.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі