Студенттерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы білім басқармасы Энергетика және байланыс колледжінде жастар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, суицидтің, алкоголизм мен нашақорлықтың, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында Абай ауданы әкімі аппаратының мамандары 1 курс студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 10-бөлімінің 2) тармағына сәйкес, қылмысқа қарсы күресте құқық қорғау орындарының қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді. Заңның 18-бабының 1-бөлігіне сәйкес, құқық бұзушылық прафилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру құқық бұзушылықтың уақытында алдын алу, анықтау және жолын кесу, оларды жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі келісілген іс-әректтерді әзірлеу және оларды өздері жүзеге асыру арқылы профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылады. Бүгінгі күні қадағалау аумағында қылмыстық ахуал біршама күрделенуде. Статистикалық мәліметтерге сәйкес жалпы қылмыстың тіркелуі 12,5%-ға төмендегенімен (236/2070), алаяқтық санатындағы қылмыстар 5,5%-ға (836/882) оның ішінде интернет алаяқтық 76,9%-ға (134/234) ерекше өсім алған жайлы колледждің оқытушылары мен студенттеріне түсіндірді. Студенттердің сұрақтарына жауап берілді.

Сонымен қатар осы колледжде  1 курс студенттерінің қатысуымен «Студент жастар арасындағы әлімжеттік: себебі, салдары және жауапкершілік» тақырыбында таңғы жиын өткізілді. Жиынды директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.А. Сариев өткізді.

Колледжде ұйымдастырылған жиналыста студенттерді бұзақылық әрекеттерден аулақ болуға шақырды. Құқық бұзушылықтың соңы немен аяқталатынын жіті түсіндірді. Еліміздің Ата заңында көрсетілгендей, еліміздің байлығы – адам және оның өмірі. Сондықтан азаматтар біріне бірі аса мейірімділікпен қарап, үлкен кішіге қамқор болғаны абзал. Біреуге жәбір көрсету – өзіңе ор қазу. Қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адамдар кiсi өлтiргенi (96-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргенi (103-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтiргенi (104-бап, екiншi бөлiк), кiсi тонағаны (178-бап, екінші, үшінші бөліктері), ұрып-соққаны (179-бап), қорқытып алғаны (181-бап, екінші, үшінші бөліктері), ауырлататын мән-жайлардағы бұзақылығы (257-баптың екiншi, үшiншi бөлiгi) үшiн қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiмен толық таныстырылып, тәрбие жұмысы жүргізілді.