Студенттердің қауіпсіздігі-басты назарда

Құқық бұзушылық: азаматтық (жеке басқа, азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіру, азаматтың абыройы мен қадір-қасиетін қаралайтын мәліметтерді тарқату және т.б.), әкімшілік (ұсақ бұзақылық жол ережесі тәртібін бұзу), тәртіптік (жұмыстан кешігу, жұмысқа бармау және т.б.) теріс қылық.

Құқық бұзушылықтың алдын алу — мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, барлық меншік нысанындағы ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары жүзеге асыратын, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және күшейтуге бағытталған құқықтық, әлеуметтік, экономикалық ұйымдастырушылық іс-шаралар және өзге де шаралар кешені.

Түркістан қалалық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары қаламыздағы “Түркістан жоғары медицина” және «Яссы «колледжі жатақханаларында студенттермен кездесіп, профилактикалық іс-шара өткізді.

Шараның мақсаты- студенттер арасында әлімжеттік пен бопсалаудың алдын алу, құқық бұзушылықты болдырмау және кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігін алдын алу.

Басқарма тарапынан қазіргі уақытта жастар арасында, әсіресе кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Ntime.kz