Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы — адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.
Біздің мемлекетіміз, басқа да көптеген мемлекеттер сияқты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде. Жүргізілетін іс-шараларды тиімді ету мақсатында мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлыққа көріністерін шектеуге бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленеді және жүзеге асырылады. Жоспарланған іс-шараларды іске асыру қылмыстық шабуылдан азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік органдар мен қоғамның белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы сұрақтарына қатысты өткізген кеңейтілген жиналыс барысында қарамағындағы қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін бірінші басшылардың жауапкершілікке тартылу мәселесін ерекше атап өткені баршамызға мәлім. Сондықтан осы кеңейтілген мәжілісте көтерілген өзекті мәселені түпкілікті шешу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерді алдын алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуі тиіс.
2022 жылдың 27 қазан күні Шымкент қаласы Әл-Фараби кітапханасы үлкен залында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тобының жоспарына сәйкес мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жыл еңбек еткен тәжірибелі құрметті мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлықты алдын алу тақырыбында мемлекеттік орган қызметкерлерімен жоспарларған кездесу шарасы өтті.
Кездесу спикері — Мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жыл еңбек еткен тәжірибелі құрметті мемлекеттік қызметкер Сатқанбаев Еркін Тұрниязұлы.
Шараға Сәулет қала құрылыс басқармасы, жайлы орта, ауыл шаруашылығы басқармасы, дене шынықтыру және спорт басқармасы, қаржы басқармасы, еңбек инспекциясы басқармасы, транспорт басқармасы, ветеринария басқармасы, аудан әкімдіктері ұжымдары қатысты.
Кездесу барысында Еркін Сатқанбаев өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жас мемлекеттік қызметшілердерді толғандырған сұрақтарға жауап берді. Мемлекеттік қызметшілерге маңызды да жауапты қызметтерінде сәттілік тіледі.