Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер жағдайында елде қабылданған бағдарламалық құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне айрықша назар аударылады. 2014 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты ерекшеліктеріне қазіргі кезеңдегі жұмыстың басым бағыттарының бірі – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жатады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда барынша табысқа жеткен елдердің тәжірибесін талдау қоғамда сыбайлас жемқорлықты руханиэтикалық деңгейде қабылдамау ахуалын қалыптастыру мейлінше тиімді тәсіл екенін көрсетті. Осыған байланысты елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыс келешек түлектердің қызмет бейініне қарамастан барлық оқу орындарын қамтуға тиіс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді күрес жүргізу үшін құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру, халықтың құқықтық сауатсыздығын жою қажет. Халық өз құқықтарын, оларға қарсы қандай да бір заңсыз іс-әрекеттер жасаған жағдайда қандай іс-әрекеттер жасау керектігін толық білуі тиіс. Бүгінгі күннің басты мақсаты конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясатты жүргізу, мемлекет пен азаматтардың тыныс-тіршілігінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін және оның көріністерін азайту, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту болып табылады.
Ағымдағы жылдың 15 қараша күні «Қазақстан Республикасы ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы» мемлекеттік мекемесінің Шымкент қаласы оқу орталығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Басқарма басшысы Жазира Салыханқызы Альжанова және Шымкент қаласы, Қаратау ауданындағы А.Сманов мешітінің бас имамы Берік Салаватұлы Шотабеков оқу орталығының жеке құрамы мен тыңдаушыларын қамти отырып, “Сыбайлас жемқорлыққа жол бермейік” тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын хабар ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық құндылықтардын дәріптеу болып табылады. Басқарма басшысы жемқорлықтың алдын алу мақсатында қолға алынған жобалар мен атқарылған жұмыстардан хабар етіп, жастардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы құқықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіріп өтті.