Ағымдағы жылдың 5 сәуір күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өкілдері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің оқытушы-профессорлық құрамы мен студенттерімен кездесті деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті.
Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының кеңесшісі Ж.Жылқышиева, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі С.Мәжінбеков, «Саналы ұрпақ» клубының белсенділері қатысты.
Шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін құру процесінде ISO 37001 «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі» халықаралық стандартын енгізу, академиялық адалдық жайы талқыланды.
Агенттік өкілі Ж.Жылқышиева сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді қалыптастыру бойынша қабылданған жүйелі шаралар жайында айтты. Шараға қатысушыларды пара берушілер де, пара алушылар да қатаң жазаланатын ескертіп, заңбұзушылықтарға жол бермеуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды сапалы жүргізуге шақырды.
Шарада жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда Агенттіктің тәулік бойы жұмыс жасайтын 1424 Call-орталығы қатысушыларға таныстырылды.
Республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі Сәдібек Түгел «Сіздер еліміздің болашағысыздар. Еліміздің дамып, көркеюіне, жемқорлықсыз қоғам құруда белсенділік танытатындарыңызға сенеміз. Сондықтан қазірден сабақты жақсы оқып, үнемі ізденісте болып, білім мен жетістіктерге тек адал жолмен жетіңіздер» деп назарын студенттерге аударды. Жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгелдің өмірі, еңбек жолы мен жеткен жетістіктеріне қызығушылық білдірген қатысушылар сұрақтар қойып, жауаптарын алды.