Қазіргі таңда әлемде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүріп жатыр.Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті. Сыбайлас жемқорлықты жүгендеуге қоғам болып ат салысуымз қажет. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда көптеген әр түрлі шаралар ұйымдастырылып жүзеге асырылып жатыр. А.Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жыл 12-ші Қазан күні “ZERDE” дебат клубы «Сыбайлас жемқорлық -ғасыр дерті» тақырыбында 8-10 сынып оқушылары арасында пікірсайыс өткізілді. Дебатқа мектебіміздің 11 «Ғ» сынып оқушысы, спикер Еркінбек Алина төрешілік етіп, дебат туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты: Оқушылардың сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;
Оқушылардың өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;
Оқушыларды патриоттық тәрбиеге баулу;
“Zerde” дебат клубының жетекшілері: Әбжанов Б. Н., Сыгаев Қ.А
Сондай ақ Республика күні мерекесіне орай “Сыбайлас жемқорлық жол жоқ” деген тақырыптарында мектеп парламентінің “Адал Ұрпақ” ерікті мектеп клубының ұйымдастыруымен 5-7 сыныптың оқушылары арасында қабырға газеті байқауы ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: Республика күні мерекесін кеңінен насихаттап, білім алушылардың бойына адалдық, адамдық сынды рухани құндылықтарды сіңіру.
“Республика күні” мерекесіне орай “Менің елім — Тәуелсіз Қазақстаным” және “Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?” Деген тақырыптарында мектеп парламентінің “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымы мен “Адал Ұрпақ” ерікті мектеп клубының 8-9 сынып оқушылары арасында пікірталас өткізілді. Пікір таластың мақсаты Республика күні мерекесін кеңінен насихаттап, білім алушылардың бойына ұлттық, рухани құндылықтарды сіңіру.