Шымкенттік полицейлер карантин режимінің сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жалғастыруда

Ағымдағы жылдың 17-тамызында Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері мобильдік топпен бірлесіп, аудан аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша халық көп шоғырланатын орындарға, яғни мейрамхана, тойхана, сауда үйлеріне барып түсіндірме жұмыстарын жүргізді деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі. Профилактикалық іс-шара барысында той-жиын мен көпшілік басқосудың салдары эпидемиологиялық ахуалдың өршуіне сеп болатыны кеңінен айтылып, ескертілді. Айта кетейік, алдағы уақытта да бұл бағыттағы түсіндірме жұмыстары және рейдтік шаралар өз жалғасын табады.