Шымкентте дүниежүзілік тазалық күні аясында жалпықалалық сенбілік өтіп, оған 103 мыңнан аса тұрғын қатысты. Биылғы тазалық күнінде әсіресе, сакралды аймақтарды тазалауға жастардың күші жұмылдырылды.
Тазалық шараларына қатысқан мемлекеттік мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер, жастар мен еріктілер көше бойларын, ирригациялық жүйелерді, кәсіпкерлік нысандар аумағын күл-қоқыстардан тазартты. Сонымен қатар, маңызы бар автожолдар тазаланып, бей-берекет тасталған күл-қоқыстар алынды, қолайсыздық тудыратын қураған шөп-талдарды да тазалау жұмыстары жүргізілді. Шараға 96 арнайы техника жұмылдырылып, 344,79 шақырым жолдар тазаланды. Нәтижесінде қала аумағынан 744,2 м3 қоқыс шығарылды.
Ендеше, қаланың бет-бейнесі тазалықта.
Шымкент қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері «Дүниежүзілік Тазалық Күні» (World Cleanup Day 2023) тазалық акциясы аясында жалпы қалалық сенбілікке қатысты. Бірлігі бекем қызметкерлер қажетті құрал-жабдықтармен келіп, тазалық жұмыстарына жұмыла кірісті. Сенбілік барысында өздеріне бекітілген аумақта санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді. Жол жиектері мен ирригациялық арықтарды қоқыс қалдықтарынан арылтып, қала ажарының ашылуына белсене атсалысты.
Сондай-ақ Еңбекші ауданында “Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day 2023)” экологиялық акциясы аясында Еңбекші ауданы әкімінің аппарат қызметкерлері Ш.Уәлиханова 215а көпқабатты тұрғын үй аумағындағы ағаштарға санитарлық қырқу, шөп ору және санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, Қазығұрт, Қаратөбе, Жұлдыз аумақтарының ішкі орам, орталық негізгі көшелерінің бойындағы ағаштарға санитарлық қырқу, шөп ору және тазалау жұмыстары жүргізіліп, сенбілік өткізілді. Сенбілікке аудан аумағындағы коммуналдық, әлеуметтік және коммерциялық, өндірістік мекемелердің қызметкерлері санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді. Тазалық мәдениеті – әрбір тұрғынның өзінен басталады! Сүйікті қаламызды таза ұстайық! Шаһар тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға шақырамыз.
Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүргізіліп, әкімшіліктің назарында болатынын хабарлаймыз.