Тәртіп сақшыларына Шымкенттік тұрғындар дән риза

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының «102» арнасы арқылы жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, құрылыс алаңында жұмыс жасап жүрген уақытта «OPPO» маркалы ұялы телефонын байқаусызда жоғалтып алғанын көрсеткен.

         Аталған жайт бойынша Еңбекші АПБ қызметкерлері жедел іздестіру іс шараларын жүргізу барысында азаматтың жоғалған байланыс құралын тауып берді. Өз кезегінде, арызданушы сымтетігін тез арада тауып берген Еңбекші аудандық Полиция басқармасы анықтау бөлімінің қызметкерлеріне алғысын білдірді.

          Аталмыш жағдайға байланысты жағдай мұнымен шектелмейді.Шымкент қаласының тұрғыны Айнұр Нұралиева Қаратау аудандық полиция басқармасының бастығына алғыс хат жолдаған екен. Ол онда: «Мен, Айнұр Нұралиева, 2022 жылдың қыркүйек айында «Тұран» шағынауданындағы үйімнен үй жиһаздары мен заттарым ұрланған болатын. Қаратау ауданы Полиция басқармасының анықтаушысы Абай Құттыбай осы істі зерделеп, менің ұрланған заттарымды қайтарып берді. Жұмысты жедел орындап, істі соңына дейін жеткізгені үшін тәртіп сақшысының жұмыстарына табыс тілеймін!», — деп шынайы ризашылығын жеткізді.

         Ал, Шымкент қаласының тұрғыны, көпбалалы ана жоғалтып алған куәлігін тауып берген Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне алғысын білдірді.

         «Мен, Сәуле Сегізбаева, көпбалалы анамын. «Күміс алқа» куәлігімді белгісіз жағдайда жоғалтып алдым. Абай ауданы Полиция басқармасының қабылдау бөліміне келіп, көмекке жүгіндім. Тәртіп сақшыларына рахмет, тез арада менің куәлігімді тауып берді. Полиция қызметкерлерінің жұмыстарына табыс тілеймін!», — деп шынайы ризашылығын жеткізді.

         Бұдан бөлек, Шымкент қаласының тұрғыны ұялы телефонын тауып берген Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне алғысын білдірді.

         «Мен, Акрам Бегасыл 2022 жылдың 5-желтоқсанда, таңғы сағат 8:00 шамасында автобуста ұялы телефонымды байқаусызда жоғалтып алдым. Абай ауданы Полиция басқармасының қабылдау бөліміне келіп, жағдайымды айтып жүгіндім. Тәртіп сақшылары тез арада менің телефонымды тауып берді. Полиция қызметкерлеріне мың алғыс», — деп шынайы ризашылығын жеткізді.