90-шы жылдардан бастап Тараз – Қазақстанның ең криминалды қаласы ретiнде ел аузында айтыла бастады. Ал бүгінгi күнi Жамбыл облысында криминогендік жағдай қандай және Жаңатаста орын алған 12 жасар қызды зорлау дерегi мен Киікбаев мектебіндегi жаппай улануға байланысты резонанстық істерді тергеу қалай жүріп жатқаны туралы аймақтың бас полицейі – генерал Арманбек Баймурзин Оrda.kz-тiң тілшісiне берген сұхбатында айтты.
Арманбек Баймурзин Жамбыл облысының Полиция департаментін 2022 жылғы 10 ақпаннан басқаруда. Оның алдындағы ПД бастығы Жанат Сүлейменов қаңтар оқиғаларынан бірнеше күн өткен соң өз өмірін қиды.
Баймурзин ішкі істер органдарында 1992 жылдан бері жұмыс істейді. Әр уақытта Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, ІІМ Криминалдық полиция департаментін басқарды. 2019 жылдың қазан айынан бастап Ақмола өңірінің ПД бастығы қызметін атқарды.
Orda.kz: Арманбек Хакімбекұлы, бүгінде бандиттік кварталдарымен танымал болған өңірдегі, атап айтқанда Тараз қаласындағы криминогендік жағдай қандай?
А. Б.: Қазiргi уақытта аймақтағы криминогендік жағдай тұрақты деп айтуға болады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы саны 8,3%-ға, ал 2023 жылы-15%-ға төмендеді. 10 мың тұрғынға шаққандағы құқық бұзушылық деңгейі 33-ке тең, бұл көрсеткішпен респбулика бойынша үшінші орында тұрмыз, ал 2022 жылы осы мәлiмет 40 қылмысты құраған болатын.
Шынында да, шағын Тараз 90-шы жылдардан бастап елдің ең криминалды қаласы деген атқа ие болды. Бірақ қазір олай емес.
ІІМ жүйесінде екі жыл ішінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қайта жанданды және мұндай шешім өз жемісін берді. Күрес тактикасы бұрын сотталғандарды және олардың көзқарастарын қолдайтындарды біріктіре алатын адамдар мен криминалитет өкілдеріне бағытталды. Осылайша, бірқатар ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін тоқтатып қана қоймай, олардың жетекшілерін де табуға мүмкiндiк бердi.
Тек желтоқсан және қаңтар айларының өзiнде ҚР ҚК-нiң 262-бабымен «ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оған басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. 2023 жылғы қарашада жасаған ауыр қылмыстары үшін 14 жылдан астам халықаралық іздеуде жүрген ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушысы ұсталды.
- Қабылданған шаралар ауыр және аса ауыр қылмыстар санының 19,4%-ға қысқаруына әкелді.
- қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылықтар 19%-ға азайды;
- мас күйінде жасалған қылмыстар саны 8,6%-ға төмендеді;
Мұндай қылмыстарды кәмелетке толмағандар 28,1%-ға аз жасайды;
Ал адамдар тобымен 13%-ға, қару қолданумен 53%-ға төмендеген.
Кісі өлтіру, жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар, тонау, бұзақылық, ұрлық, оның ішінде мал ұрлығының ашылуы жақсарды.
Осы жетістіктерге қарамастан, біз қылмысты жеңдік деп мақтана алмаймыз. Түйiнi шешiлмеген көптеген сұрақтар бар. ІІМ басшысы полиция қызметкерлерiне қылмыстың алдын алудың толыққанды жүйесін қалыптастыру міндетін қойды.
Полиция департаментінің бастығы ретінде мен үлкен жауапкершілікті сезінемін және өзіме жүктелген сенімді ақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамын. Осы мақсатта көбінесе көшеде не болып жатқанын білу үшін қаланы жаяу аралаймын. Және күнде таңертеңгiciн өткен түндегi қылмыстылық жағдайына талдау жасаймын. Басқа қызметкерлермен қатар, өзім де 24/7 байланыста боламын. Тек жанқиярлық қызметпен біз өз азаматтарымыздың тыныштығын қорғай аламыз және қылмыспен күресеміз деп есептеймiн.
Orda.kz: Қазіргі қазақстандықтар полицияға қаншалықты сенеді деп ойлайсыз, оның халық арасында беделі жоғары ма?
А. Б: Бұл туралы статистикалық мәлiметтермен жауап берiп көрейiн. Мысалы, Ұлттық статистика бюросымен жүргізілген әлеуметтiк зерттеуіне сәйкес, 2023 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша полицейлерге халықтың 88%-ы сенемін, 8,2%-ы сенбеймiн десе, 3,8% -ы бұл сұраққа жауап беруге қиналамын деген.
Айта кетейік, Жамбыл облысы осы сауалнамаға сәйкес тұрғындар өздерін қауіпсіз сезінетін аймақтардың үштiгiне кірді. Бірінші орында-Ақтөбе облысы (76,5%), екінші орында — Алматы облысы (74,1 %). Біз СҚО-ның бірнеше пунктінен озып, 73,5 % жинадық.
Халықпен сенімді қарым-қатынас орнату қажет. Бұл халыққа қаншалықты жақын байланыста болуға да қатысты. 2023 жылы менің жеке қабылдауыма 423 адам келді, ал аудандық полиция бөлімдерінің басшылары 1 329 жергілікті тұрғынды қабылдады. Мұндай кездесулер сынға уақытында жауап беруге және кемшіліктерді дер кезiнде жоюға көмектеседі.
Полицейлердің өздері Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерде бірқатар нормалары бар заңмен қорғалған.
Orda.kz: біз құқық қорғау органдары қатарындағы кадрлардың ауысуы туралы жиі естиміз. Неліктен бұлай болып жатыр және кімді негізінен полиция қатарына алады?
А. Б: Кадрлық құрам туралы айтқанда, iшкі істер органдарының құқық қорғау саласында ең үлкен кадрлық құрылымды алатындығын ескеруiмiз керек.
2023 жылы Жамбыл облысының полиция қатарынан соңғы 10 жылда ең аз қызметкерлер саны кетті. Біз бос лауазымдарға алты сатылық іріктеу өткіздік, оған 300-ден астам кандидат қатысты.
Біз кадрларды қатаң іріктеуді және өз қатарымызда да сапалық бақылауды жiтi қадағалаймыз. Осы арқылы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерінің жолын кесеміз.
Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша 2024 жыл ІІМ құрылымында кадрлар сапасын жақсарту жылы болып жарияланды.
Orda.kz: Ендiгi кезекте Сарысу ауданындағы заңды өкілдерінің рұқсатынсыз түсік жасатқан 12 жасар оқушыға қатысты жыныстық қол сұғылмаушылық туралы істі тергеу қалай жүріп жатыр, сол туралы айтсаңыз?
А. Б: Бұл дерек бойынша материалдар сотқа берілді. Қазір оқытушылар мен дәрігерлерге қатысты кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс туралы хабарламау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Orda.kz: Сарыкемер ауылындағы 46 адам зардап шеккен, оның iшiнде көпшілігі балалардың мектепте жаппай улануы бойынша iс қалай жүріп жатыр?
А. Б: Аталған жағдайға байланысты тергеу аяқталу кезеңінде. Көптеген қажетті сараптамалар жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша істі сотқа жіберу жоспарлануда.
Orda.kz: Келесi cұрақ бағдаршам мәселесi. Қолайсыз ауа райы кезінде олар жиi істен шығады. Адамдар бұл мәселе бойынша полицияға хабарласқанда, олар бұл жағдайда не істеу керектігін білмей жатады. Бұл туралы не айтасыз?
А. Б: Өкінішке орай, бұл мәселе өзектi болып қала береді. Дегенмен, полицейлер бұл жағдайда не істеу керектігін білмейді деген пiкiрмен келіспеймін. Бағдаршамсыз қалған учаскелерде біздің қызметкерлер жол қозғалысын реттейді. Әрине, бұл бар мәселені түбегейлі шешпейді.
Біз облыс орталығындағы 149 бағдаршамның жұмысын талдадық. Бағдаршам режимдерін басқаруды бақылайтын 49 ӘЖК ауыстыру қажет болып шықты. Жабдық ескірген, 2000 жылдан бері қолданылып келеді, сондықтан оны жиі өшіріп, жөндеуді қажет етеді. Сол себепті бізде бағдаршамдарды орталықтандырылған қашықтан реттеу бойынша ЖБО-да техникалық мүмкіндік жоқ. Әкімдікпен бірлесіп бұл мәселені 2024 жылы шешеміз деп ойлаймын.
Істен шығу көбінесе кабельдер мен тозған қораптарға байланысты болады. Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бағдаршам объектілерін жаңғырту және реконструкциялау шеңберінде тек тіректер мен секцияларды ауыстыруды жүргізеді, ал жол қозғалысын басқару жүйесі өзгеріссіз қалады.
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алуға қатысатын фирмалар арасында бағдаршам нысандарымен қамтамасыз ету және орнату бойынша мердігерлік ұйымды анықтау кезінде бірнеше айға созылған сот отырыстары орын алуда. Осы бұзушылықтар бойынша Полиция департаменті жергілікті атқарушы органдарға бірнеше рет жүгініп, әрбір бағдаршам объектісі бойынша қажетті шараларды көрсетті.
Мәселен, бүгін қалада қатты желдiң салдарынан көптеген бағдаршамдар істен шықты. Ең бірінші кезекте, кабельдердің үзілуіне байланысты болды. Ал Жамбыл даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында бағдаршам тіректен толығымен ұшып кетті — бекіту әлсiз болғандықтан шыдай алмады. Мұндай мысалдар көп.
Orda.kz: Қарасораның таралуымен күресу үшін қандай шаралар қолданылады?
А. Б: Біздің аймақта өсетін қарасораның ерекшелігі – ол қылмыстық әлемде үлкен сұранысқа ие және есірткі сатушыларды тартатын тетрагидроканнабинолдың көп мөлшері. Жыл сайын «Қарасора» операциясы барысында жүздеген тонна қарасора жойылады. 2023 жылы 220 тонна жойылды, бұл алдыңғы кезеңнен 95 тоннаға артық. Есірткі айналымына 15 млрд теңгеден астам сомаға пайда әкелуi мүмкiн есiрткi заттарының түсуіне жол бермеді.
2023 жылы қарасора өсірудің 22 дерегi анықталды, 1800 келiден астам марихуана тәркіленді. Ғалымдармен бірге бұл өсімдікті толығымен жою жолдары зерттелуде.
Иә, өкінішке орай, Шу алқабы көптеген жылдар бойы өзекті мәселе болып қалуда. Бұл бағытта біз азаматтық белсенділермен және ғылыми қоғаммен тығыз жұмыс жасап, күрес стратегиясы мен тактикасын арттырудамыз. Көптеген жылдардан бері алғаш рет Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі Е.Бадаевпен және экономика ғылымдарының кандидаты С.Құлмановпен бірлесіп гербицидтерді пайдалана отырып, қарасораны тиімді жоюды зерттеу мәселелері пысықталды. 1989 жылғы есептеулер бойынша жабайы қарасораның өсуi 138 мың гектардан астам жерді құрайды, содан бері, яғни КСРО кезінен бері зерттеулер жүргізілмеген. Бірақ 2023 жылы облыстық әкімдіктің қолдауымен біз жүргіздік. Қоқыстың ауданы 62 мың гектарды құрады. Сонымен қатар, өсу аумағы осы жылдар ішінде Меркі ауданынан Т.Рысқұлов ауданына ауысты. Ең аз жабайы қарасора Шу ауданында болды.
Orda.kz: Соңғы айда ауа-райының қолайсыздығынан бес мыңға жуық адам құтқарылды. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін қандай әрекеттер жасалады? Полиция жол апатынан орын алатын жиi өлiм көрсеткiшiмен қалай күреседі?
А. Б: Бұл жағдай жүргізушілер үшін де, полиция қызметкерлерi үшін де оңай сынақ болған жоқ. 750-ден астам қызметкер трассаларда тәулік бойы кезекшілік атқарды. ПД басшылығының өкілдері учаскелер бойынша бөлінді. Біз кептеліп қалған көліктерге көмектесіп қана қоймай, бораннан адасқан адамдар мен малды да іздедік. Мұндай жағдайлар үшін белгілі бір іс-қимыл алгоритмі бар. Автокөлік жолдарының жабылуы кезінде біз уақытша он мобильді бекет қоямыз.
Бұл жағдай бізге проблемалық сәттерді көруге мүмкiндiк бердi. Ауыр жүк көліктерінің, автобустардың және тіпті қар тазалайтын машиналардың жүргізушілерінде дизель отыны қатып қалды, олардың тапшылығы да анықталды.
Республикалық маңызы бар қала сыртындағы трассаларда жол жүрісіне қатысушыларға көмек көрсету үшін 15-тен астам патрульдеу маршруттары әзірленді, онда тәулік сайын 30-дан астам патрульдік полиция қызметкері кезекшілік етеді, ал ауа райы нашарлаған жағдайда олардың саны 100 адамға дейін ұлғайтылады.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2023 жылы 2 721 жол желілері зерттелді. 374 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы – 14 млн теңгеден астам болды.
Бүгінгі таңда апаттар жиі болатын республикалық тас жолдардың учаскелерінде 22 бірлік «Автоураган» орнатылды, 25 «Арқан» және «АвтоСканнар» мобильдік кешені жұмылдырылды, ал қалада «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені 48 бекетте орнатылды. Облыс бойынша жол қауіпсіздігін бақылау үшін жалпы 420 бейнекамера пайдаланылады.
Біз облыстың автожолдарында жол-көлік оқиғаларын 16,6%-ға, зардап шеккендер санын – 13,5%-ға, қаза тапқандар санын – 1,4%-ға төмендете алдық. Бірақ, көрсеткіштердің төмендегеніне қарамастан, шындығына келгенде біз қуана алмаймыз. Өйткені, әрбір санның артында адамдардың өмірі мен тағдыры тұр. Әрбір жол апаты – қаншама отбасылар үшін орны толмас қайғы.
Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі