«Жедел әрекет ету» чатының қатысушылары белсенділік танытуда

2021 жылдың 10-мамыр күні сағат 10:20 шамасында жергілікті тұрғын Шымкент ҚПД-нің Whatsapp желісіндегі «Жедел әрекет ету» чатына қаладағы Төле би көшесінің бойындағы «Акбар» базардың алдында көлік кептелісі болғаны туралы хабарлаған деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.

Шымкент ҚПД Жедел басқару орталығының қызметкерлері хабарламаға жедел шаралар қабылдау үшін көрсетілген мекенжайға Патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне тиісті тапсырма берді.Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жол қозғалысын қадағалап, көлік кептелісін реттеді.Жергілікті тұрғын полицейлерге көлік кептелісін жойғаны үшін алғысын айтты.Шымкент қаласы Полиция департаменті полиция генерал-майоры Е.Жумаханбетовтың бастамасымен ашылған чаттың тиімділігі артып, тұрғындар нәтижелі жұмыстың куәсі болуда. Атқарушы орган мен халықтың арасында байланыс нығайып, туындаған мәселелер жедел шешілуде.