Төле би көшесінде орналасқан «Шахристан» тарихи-мәдени орталығының тұрағында «BMW» көлігін басқарған Тараз қаласының тұрғыны кезекті дрифт ұйымдастырды деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.
Өкінішке орай, қазіргі жастар Инстаграмдағы әдемі контент пен лайк үшін, сондай-ақ бір сәттік қызық үшін кез келген тәуекелге баруға дайын.
Бірақ әдеттегідей, полиция қызметкерлері «жолдардағы заңсыздыққа» жедел тосқауыл қойды. Тәртіп бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабының 1-бөлігі бойынша (жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылыстарын бүлдіру) жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ оған қатысты айыппұл салынды.
Полиция қызметкерлері автокөлік иелерін Жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады.