Ағымдағы жылғы 10 наурызда Тараз қаласы Полиция басқармасының 1- полиция бөліміне жергілікті тұрғын әйел хабарласып, сол күні, түнгі сағат 03:00-де, қонақта болған жігіт оның «Алсер» маркалы ноутбугін жасырын түрде ұрлап кеткені туралы шағымданған деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.
Материалдық шығын көлемі 148.000 теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тараз қаласының Полиция басқармасы 1- полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері ноутбук ұрлады деген күдікпен облыс орталығының 33 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Материалдық дәлелдеме зат — ноутбук тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі «Ұрлық»бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Полицейские города Тараз раскрыли бытовое преступление — кражу ноутбука
10 марта т.г. в ОП-1 Управления полиции города Тараз обратилась с заявлением местная жительница передает пресс-служба ДП Жамбылской области. В этот же день, примерно в 03:00 часов ночи, малознакомый парень, будучи у неё в гостях, свободным доступом тайно похитил ноутбук марки «Алсер». Материальный ущерб составил 148.000 тенге.
В ходе проведения оперативно-розыскных мероприятий сотрудниками криминальной полиции ОП-1 УП г.Тараз по подозрению в краже ноутбука был задержан 33-летний житель областного центра. Подозреваемый признал свою вину. Вещественное доказательство «Ноутбук» был изъят и возвращен хозяйке.
В отношении подозреваемого начато досудебное расследования по статье 188 ч.1 УК РК «Кража».