03.03.2024 ж. сағат 16:30 шамасында Шымкент қаласы мен Сайрам ауданының шекарасында орналасқан облыстық маңызы бар «ШҚ 97» автомобиль жолында теміржол туннелінің бір жағы құлаған болатын. Нәтижесінде жолда 40 минуттық кептеліс пайда болды. Бұл теміржол көпірі. «Қазақстан темір жолы» АҚ-ң меншігінде. Оқиға орнына «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның тиісті қызметкерлері мен Сайрам ауданы әкімдігінің қызметкерлері уақытылы барып, жолды қоқыстардан тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді.
Зардап шеккендер жоқ. Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы теміржол өткелінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама дайындауды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта жол ашық.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі