Аудандық полиция басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Бүгін Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарушы Б.Айтпаевтың №896ж/қ бұйрығымен Ермеков Мұрат Мұхтарұлы Сайрам ауданы полиция басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды.

Жаңа басшыны полиция басқармасы Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі А. Қалдарбеков таныстырды.

Жиынға арнайы қатысқан аудан әкімі Арман Сәбитов жаңадан тағайындалған аудандық полиция басқармасы басшысын қызметімен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі