Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Ана тілі” газетіне берген бұл сұхбаты – қазақ халқының тілдік мәдениеті мен ұлттық санасының болашағына арналған терең ойлы, мазмұнды еңбек. Президент қазақ тілінің мемлекеттің рухани тұтастығындағы ерекше рөлін айқындап, оны дамыту мен қолдауға бағытталған стратегиялық көзқарастарын ортаға салған.
Сұхбатта елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының негізгі нәтижелері мен болашақ міндеттері қамтылған. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы ана тілін білу – ұлттық сана-сезімнің негізі екендігін ерекше атап өтеді. Қазақ тілінің болашағына деген сенімі мен оны дамытудың нақты тетіктерін ұсынуы әрбір азаматқа терең ой салады.
Бұл мақала қазақ тілінің жарқын келешегіне сенетін әрбір оқырман үшін ерекше құнды және ұлтжанды азаматтардың жүрегіне жол табады деп сенеміз.