Түркістан қаласындағы “Достық үйі” кешенінде қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-ң ұйымдастыруымен “Достық көпірі” жастар форумының ашылу салтанаты өтті. Шара Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты нығайту және жастар арасындағы байланысты арттыруға бағытталған. Жиында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров және Өзбекстан Республикасының Жастар агенттігі бөлімінің басшысы Шахзод Омонов сөз сөйледі.
Іс-шарада Қазақстан мен Өзбекстаннан келген сарапшылар тарапынан панельді сессия “Еңбек мамандықтарының болашағы” жөнінде мәліметтер берілді. Сондай-ақ, панельді сессияда еңбек нарығындағы өзгерістер, жаңа технологиялардың әсері және жастардың болашақ мамандықтарына деген көзқарасы туралы пікірлер мен ұсыныстар айтылды.
Жалпы форум Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жастар арасындағы байланыстарды нығайту, ынтымақтастықты арттыру және ортақ мәселелерді талқылау үшін тиімді алаң болды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі