Түркістан облысының полицейлері ардагердің үйіне барып, жағдайын біліп қайтты

Келес аудандық полиция бөлімінің кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Саттар Отыншиев және бөлім инспекторы Рахматулла Шерхан мен Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Эльмира Есенкулова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жыл толуына орай, ІІО-нан зейнеткерлікке шыққан құрметті ардагердің үйіне барып қайтты. Тәртіп сақшылары 30 жылдан астам жедел қызметтерде жұмыс атқарған, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ардагері Келес ауданы, Абай ауылының тұрғыны Жүсіпбек Жанқараевтың отбасын мерекемен құттықтап, Келес ауданы ПБ-ның бастығы Болат Қаныбековтің атынан алғыс хат табыстады. Сонымен қатар ардагердің отбасы мен жұбайына сый сияпаттар тарту етіп, ізгі ниеттерін жеткізді. Өз кезегінде ардагеріміз полицейлер тарапынан атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдіріп, өзін ұмытпай құттықтап келгендеріне алғысын айтты. Сонымен қатар тәртіп сақшыларының жұмыстарына табыс, қажымас қайрат тіледі. Қиындығы мен қауіптілігі басым ішкі істер органдары қызметінде ең бастысы — шыдамдылық, батырлық пен қырағылық қажет екенін айта отырып, полицейлерге ақ батасын берді.

ТО ПД баспасөз қызметі