Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында 11 мәселе қаралды. Олар:
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы есеп;
2. 2022 жылы Түркістан облыстық Қоғамдық кеңестің басқармаларға берілген ұсынымдардың орындалу барысы туралы;
3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің «Білім, денсаулықты сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік корғау салаларындағы бюрократиядан арылту бойынша атқарылган жумыстарының қорытындысы туралы»;
4. «Түркістан облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидаларын бекіту туралы» Түркістан облыстық маслихатының шешім жобасы;
5. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 114 «Түркістан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;
6. «Түркістан облысы әкiмдiгiнiң «Түркістан облысы әкімі аппараты лауазымды адамдарының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы» 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № 247 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;
7. «Түркістан облысы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;
8. «Түркістан облысы әкімі аппаратының Регламентін бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;
9. «Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 3 тамыздағы № 228 «Түркістан облысы әкімі аппараты мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;
10. «Түркістан облыстық мәслихат аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы №21/250-VІ шешімінің күші жойылды деп тану туралы;
11. «Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы.
Күн тәртібіндегі бірінші сұрақ бойынша мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан Қоғамдық кеңеске тиісті мәліметтерді қамтамасыз етпегені үшін бұл мәселе қараусыз қалдырылып, күн тәртібінен алынып тасталды. Түркістан облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының жауапкершілігін қарау мәселесі бойынша облыс әкіміне хат жолданатын болды.
Сонымен қатар, облыстық басқармаларға 2022 жылы Қоғамдық кеңестің отырыстарында берілген ұсынымдардың орындалу барысы туралы баяндамалар тыңдалды, облыс әкімдігінің қаулыларымен облыстық мәслихаттың шешімдерінің жобалары мақұлданды.
Жиынға қоғамдық кеңес мүшелері мен тиісті басқарма басшылары қатысты.