Түркістан облысының полицейлері жүргізуші куәлігінен айырыла тұра, кезекті рет мас халде көлік басқарған ер азаматты ұстады

Созақ ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында, күнделікті жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша тұрақты түрде іс-шараларды жүргізуде. Осындай шара барысында Созақ ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшісінің ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Самат Балабаев өзінің қызметтік міндетін атқару барысында ішімдік ішіп, көлік басқарған жүргізушіні анықтады.Яғни полицейлердің рейді кезінде кешкі сағат 19:35 шамасында жол ережесін бұзып келе жатқан «Nexia» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Осылайша оқиға орнын тексеру кезінде полиция қызметкерлері жүргізушінің мас халде болуы мүмкін екеніне күдіктенді. Содан соң көлік жүргізушісін медициналық сараптамадан өткізді. Қорытындысы бойынша автокөлік жүргізушісінің мас күйде болғаны расталды. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында аталған көлік иесі 2021 жылдың қазан айында Созақ аудандық сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтҚ-нің 608-бабына сәйкес көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды.Бүгінде жүргізушінің жүргізу куәлігінің жоқтығына қарамастан, екінші рет мас халде автокөлік басқарғаны үшін ҚК-нің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау мақсатында Созақ аудандық сотына жолданды.Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және қарсы жолаққа шықпау қажет.

ТО ПД баспасөз қызметі