Түркістан қаласының «Этноауыл» аумағында қала күніне орай кең ауқымды мерекелік шаралар өтті. Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары түрлі мәдени және өнер шараларына қатысып, Түркістанның бай тарихы мен мәдениетін тереңірек танып-білді. Мереке бағдарламасы аясында бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырылып, қаланың жетістіктері мен ерекшеліктері паш етілді.
Мерекелік іс-шараның басты ерекшелігі – Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында әлемдік деңгейде қазақтың қол өнерін насихаттаған «Аламан құрақ» жобасының құрақшыларының қатысуы болды. Бұл жоба арқылы қазақтың қолөнері «Гиннес рекордтар» кітабына енген еді. Түркістанға арнайы шақырылған шеберлер өз қолөнер туындыларын көпшілікке таныстырып, қалалық әкімшіліктің алғыс хаттарына ие болды. Бұл іс-шара қазақтың дәстүрлі өнерін әлемдік деңгейде танытуға қосқан үлестерін атап өтудің маңызы зор болды.
Қала күні мерекесінің аясында «Түркістан балалар көзімен» атты суретшілер байқауы да ұйымдастырылды. Бұл байқау қала мектептерінің оқушылары үшін үлкен мүмкіндіктер ашып, олардың шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді. 60-қа жуық оқушы өздерінің сурет өнеріндегі туындыларымен қатысып, Түркістанның тарихы мен мәдениетін бейнеледі. Байқау қорытындысында жеңімпаздарға түрлі марапаттар табысталып, олардың шығармашылық өсуіне серпін берілді.
Түркістан қаласының тарихын, қаладан шыққан ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Түркістаным мекенім киелісің» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде Түркістанның мәдениеті мен тарихына қатысты көптеген құнды кітаптар мен басылымдар таныстырылды. Бұл шара қала тұрғындары мен қонақтарына Түркістанның тарихи маңызын еске түсіріп, оның еліміз үшін мәдени және рухани орталық ретіндегі рөлін одан әрі бағалауға мүмкіндік берді.
Мерекелік шараның соңы қала тұрғындары мен қонақтар үшін Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнер жұлдыздарының әндерімен жалғасты. Көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған концерттік бағдарлама қатысушыларға ерекше әсер қалдырып, барлық қатысушыларды жақсы көңіл-күйге бөледі.
Қала күні мерекесіне орай ұйымдастырылған шаралар Түркістанның мәдени өмірінің маңызды бөлігі болып табылады. Бұл мереке Түркістанның өткенін, қазіргі жетістіктерін және болашағын мерекелейтін маңызды күн болып, қала тұрғындары мен қонақтарына қаланың мәдени мұрасын жаңа қырынан таныстыруға мүмкіндік берді. Түркістан қаласының мәдениет саласындағы жетістіктері мен ауқымды шаралары еліміздің басқа өңірлеріне үлгі боларлықтай дәрежеге жеткенін көрсетеді.