Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу

«Жасөспірім жəне қылмыс» тақырыбы бүгінгі күні маңызды болып саналады. Өкінішке орай кейбір жасөспірімдер қылмыс пен құқық бұзушылықтың арты неге əкеліп соғатынына аса мəн бере қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру -мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімдерді жаңа рухта, жаңа көзқараста тəрбиелеуден айқын көрінеді. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру  өте маңызды. Құқықтық сауаттылықты арттыру құқықтық тәрбиемен келеді. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі.

Ә. Темір атындағы №3 жалпы орта мектебінде оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, зорлық зомбылықтың, буллинг және кибербуллингтің алдын алу бойынша ата-аналар жиналысы болып өтті. Маңызды мәселе аясында Түркістан қалалық ішкі істер басқармасының мамандары полиция лейтенант Д.Кулетов Түркістан қалалық полиция лейнант Г.Аметова, Түркістан қаласы прократурасы Тастанов Азат Жанабеков тақырыптық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ата-аналарға жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің көбею себептері: отбасындағы ақау тәрбие, отбасындағы материалдық әл-ауқаты, жұмыссыздық; баланың бос уақытының шамадан тыс мол болуы; ата-ана тарапынан бақылаусыз қалуы; мінез-құлықтың ауытқушылығы туралы түсіндірілді. Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22:00-ден кейін компьютерлік клубта отыруға, сағат 23:00-ден кейін ата-анасыз беймезгіл көшеде жүрмеуін, үйде болу керектігін айтты. Мектеп директоры Р.Юсупов балалардың сапалы біліммен қатар саналы тәрбие алуы үшін ұстаздардан бөлек ата-ананың да орны мен рөлі айрықша екеніне тоқталды.