Түркістан қалалық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Кездесудің мақсаты түпкілікті мәселерді шешу. Отырысты Қоғамдық кеңес төрағасы М.Атанбаев жүргізіп отырды. Жиынға Қалалық қоғамдық кеңес мүшелері, Қала әкімінің орынбасары Б. Оразбеков, «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» бөлімінің басшысы А. Оспан, «Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің» басшысы Т. Қыдырбаев, «Азық-түлік қорын тұрақтандыру департаментінің директорының орынбасары А. Адешов,» Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің»басшысы Э. Бейсенова қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1.Қала әкімдігінің «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің тасымалдау кәсіпорындарының қала халқына көрсетіп жатқан қызметінің сапасын арттыру бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы есебі.
2.Әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға бағытталған іс-шаралар мен оның нәтижелігі туралы.
3.» Коммуналдық қалдықтардың жаңа нормалары мен тарифтерін бекіту туралы»шешім жобасы.
4.»Түркістан қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы»шешім жобасы.
Жиын соңында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға қойылды.