Құрметті әріптестер!

Сіздерді «30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің іргесін нығайтудағы қарышты қадамдардың қалыптасуы мен жаңа жүйенің орнығуына, саясат сахнасында Қазақстан Республикасының қанат жаюы жолындағы бірден — бір бастаушы заң, серпінді сенім, әділет жолын көрсетер мемлекетіміздің Ата Заңы.Бұл құқықтық құжат елдің тұтастығын сақтап, байтақ жеріміздің шекарасын мықтап бекітуде, Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың татулығы мен бірлігіне сызат түсірмей, қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Ата Заңымыздың ықпалы зор. Қазақ жерін мекендейтін ұлт өкілдерінің ынтымағының ұйытқысы – Ата Заң. Ол еліміздегі барлық заңдардың бастаушысы. Мемлекет пен қоғам тұрақтылығының, болашаққа деген сенім мен халқымыздың ауқатты тұрмысының, лайықты өмірінің кепілі — Ата Заңымыздың мерейі әрдайым үстем болсын! Сіздерге зор денсаулық, қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке мен бірлік, ізгі бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!

Ізгі ниетпен,Түркістан облысы Әділет Департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараев