Түркістанның инженерлік инфрақұрылымын дамытуға 1 млрд. 141,7 млн. теңге бөлінді

Түркістан қалалық мәслихаттың кезектен тыс он сегізінші сессиясының отырысы болып өтті. Күн тәртібінде «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен жастар практикасына, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беруге 911,2 млн теңге бағытталды.

         Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығындағы көп қабатты тұрғын үйлердің және тарихи-мәдени орталықтың шекарамаңы аймағын инженерлік инфрақұрылымын дамытуға 1 млрд. 141,7 млн. теңге,  Түркістан қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру құрылыс жұмыстарына 4 млрд. 151,9 млн. теңге,  жол құрылысына 2 млрд. 300,0 млн. теңге, электрлендіруге 622,2 млн. теңге және Түркістан қаласындағы табиғи газбен қамтылмай қалған тұрғын үйлерді және әлеуметтік нысандарды табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысына 200,0 млн. теңге қарастырылды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттар тарапынан біршама сұрақтар қойылып, өз деңгейіндегі жауаптармен толықтырылды. Көрсетілген барлық мәселе бойынша ұсыныстар бірауыздан мақұлданып, шешім қабылданды.

Ntime.kz