Түркістандық сайыпқырандар жекпе-жек сайысынан жүлделі оралды

Қызылорда қаласында әмбебап жекпе-жектен жастар және қыздар, ерлер мен әйелдер арасында ҚР чемпионаты өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай  28-кыркүйекте басталған турнир 1-қазан күні қорытындыланды.
    Ел біріншілігінде бақ сынаған Түркістан облысының спортшылары жүлдеден құр алақан емес. Мәселен, намысты қолдан бермеген спортшылар облыс қоржынын 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен толықтырды. Жүлдегерлер облыстық жауынгерлік өнер қауымдастығының сайыпқырандары. 
     Атап айтсақ, арыстық Аяжан Ергентай 57, Динара Оралбай 78 келі салмақта 1-орын. 85 келіде сынға түскен түркістандық Муслим Асадиллаұлы да жарыс жеңімпазы. Аяжан Ергентай турнирде тартысты өнер көрсеткені үшін «Үздік жауынгер»  кубогіне ие болды. 
  Медина Әділ 48, Ақжүніс Жақсылық 65 келіде 2-орынды иеленсе, Дидар Бақытжан 55 келіде 3-орынға қол жеткізді. Бапкерлері — Асхат Борықбаев, Олжас Бақытжан, Болат Ибрагимов және Талғат Мақажанов.
 
Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ.