Отырысқа облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов пен кеңес мүшелері және тиісті басқарма басшылары қатысты. Күн тәртібінде 18 мәселе қаралды.
ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес өкілеттіктері тоқтатылған мүшелерін алмастыру мақсатында Түркістан облысы резерв тізімінен Қоғамдық кеңес құрамына өзгерістер енгізілді.
Алқалы кеңестің шешімі мен Айқан Алмагуль Құдайбергенқызы, Тұрабаев Төреәділ Пазылбекұлы, Абиханов Пархат Әліпбекұлы кеңестің құрамына қабылданды.
Қоғамдық кеңестің бюджет және экономикалық дамуы жөніндегі комиссиясына — Т.Тұрабаев, Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, құрылыс және коммуналдық салаларының дамуы жөніндегі комиссия құрамына А.Айқан және П. Абиханов ұсынылып, кеңес мүшелері тарапынан қолдау тапты.
Қоғамдық кеңес мүшелері Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер және архивтер басқармасының басшысы Әсет Маратұлы Әбдірахмановтың есебін тыңдады. Әсет Маратұлы Түркістан облысы аумағында цифрландыруды дамытуды, сондай-ақ «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде ең үздік шешімдерді жоспарлау мен енгізуді қамтамасыз ету қызметі туралы баяндама жасады.
Бұл мәселені талқылау барысында Қоғамдық кеңестің бюджет және экономикалық дамуы жөніндегі комиссия мүшесі Қайрат Ташқұлұлы Айтбаев өз баяндамасында облыстағы цифрландыру саласының проблемаларын қозғап, жіберілген кемшіліктерге назар аударып, бірқатар ұсынымдар берді.
Сонымен қатар, Түркістан облысының аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Серікұлы Қойлыбаевтың есебі тыңдалды.
Туризм саласындағы бірқатар мән-жайлар жөнінде облыстық Қоғамдық кеңестің әлеуметтік саланың дамуы және мемлекеттік сатып алу саласының жұмысы жөніндегі комиссияның төрайымы Инара Әбдіғаппарқызы Намазбаева қосымша баяндама жасады.
Сондай-ақ күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды, олар:
1. «Түркістан облысы Сарыағаш және Мақтаарал аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының шешім жобасы.
2. «Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 13 шілдедегі № 127 «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;
3. «Түркістан облысы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;
4. «Облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;
5. «Учаскелік комиссиялар туралы ережені бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;
6. «Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы Нұра елді мекенін тарату туралы» бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының шешім жобасы;
7. «Түркістан облысы Созақ ауданындағы бірқатар елді мекендерді тарату туралы» бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының шешім жобасы;
8. «Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 22 «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;
9. «Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 228 «Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;
10. «Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 298 «Облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;
11. «Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы №44/477-VI «Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтырулар енгізу және Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 44/477-VI «Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 17/218-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Түркістан облыстық мәслихатының шешім жобасы;
12. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Түркістан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 114 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;
13. «2023-2024 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;
14. «Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 234
«Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы.
Басқарма басшыларының баяндамаларынан кейін, қоғамдық кеңес мүшелері сауалдары мен ұсыныс-пікірлерін жеткізді.