Өңір тұрғындарын жоғары сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысы әкімдігі мен «Қазақтелеком» және «Транстелеком» акционерлік қоғамдары арасында екі жақты меморандум түзілді. Аталған келісім еліміз бойынша алғаш біздің облыста іске асты.
Нәтижесінде осы механизм арқылы жеке инвестор «NanoTech» ЖШС облыс көлемінде жалпы 70-ке жуық ауылдық елді мекен тұрғындарын интернетке қосты.
Сондай-ақ, қазіргі таңда қосымша «NewTelcom» ЖШС 81 ауылдық елді-мекен осы операторлардың дилерлерімен ауа арқылы радиомост технологиясымен қосылған.Бүгінде 6000-ға жуық жеке тұрғын үй заманауи қаладағыдай жоғары жылдамдықты интернетпен пайдалануда.
Ағымдағы жылы, осы тетік арқылы 30 мыңға жуық тұрғын үйді, бұл 150 мыңға жуық тұтынушы қосу жоспарлануда.
Ntime.kz