Сарыағаш ауданаралық әділет басқармасы борышкерлерге арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді

Ағымдағы жылдың 9 қыркүйек күні Сарыағаш ауданаралық Әділет басқармасы, Сарыағаш ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі, Сарыағаш ауданы «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен және Түркістан облысы жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы басшысы орынбасарының қатысуымен борышкерлерді жұмыспен қамту мақсатында «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі өткізді. Аталған шараның басты мақсаты- алимент бойынша үш айдан астам берешегі бар борышкерлерді жұмысқа орналастыру болып табылады.Жәрмеңкеге аудан аумағындағы кәсіпорындар мен мекемелердегі 60-қа жуық бос жұмыс орындары ұсынылды. Нәтижесінде борышкерлер тұрақты және қоғамдық жұмысқа жолданды.Айта кету керек, аталған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі алдағы уақытта жалғасатын табатын болады.

Түркістан облысы Әділет департаменті