Түркістан облысында биыл 30 млн дана тал егіледі

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында Республика аумағында экологиялық ахуалды жақсарту үшін 2 млрд ағаш көшеттерін отырғызу тапсырылған болатын. Осыған орай биыл Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, облыс орталығы Түркістан қаласы айналысына 20 мың гектар аумаққа жасыл белдеу қалыптасатын болады. Қазіргі таңда оның 7 700 гектары аяқталған. Бұл туралы Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат реттеуді пайдалану басқармасының басшысы Қайрат Әбдуәлиев мәлімдеді.
«Облыста 3 млн 131 мың гектар орман қоры жерлері бар, оның ішінде орманмен көмкерілген алқабы 1 млн 630 мың га. 2020 жылы орманды молайту шаралары бойынша 11 610 гектар жерге мәдени орман екпелерін жүргізу жоспарланып, толығымен орындалды. Түркістан қаласындағы жасыл белдеу аумағына КазАтомпром АҚ-мен қосымша 3 664,5 гектар жапырақты және сексеуіл көшеттері мен тұқымы егілді. Сондай-ақ, орман тұқымбақтарының көлемі екі есеге ұлғайып, онда әр жылы 35-40 млн әр-түрлі ағаш көшеттерін өсіруге қол жеткізіледі», — деді басқарма басшысы.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2000 жылы сыйға тартқан 8 бас Бұхар бұғылары Сырдария өзені бойында құрылған арнайы тұқымбаққа жіберіліп, бүгінгі күнге бұғылар саны 176 басқа жетіп отыр. Сонымен қатар, Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі КММ-не қарасты жабайы жануарларды қайта қоныстандыруға арналған 200 гектар тұқымбаққа Алматы облысынан құлан және қарақұйрық аңдарын жеткізу бойынша келіссөз жұмыстары жүргізілуде.
2020 жылы браконьерліктің алдын алу мақсатында орман күзеті қызметкерлерімен 1 076 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, 344 заң бұзушылық фактілері анықталды. Нәтижесінде 2 млн 786 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, оның 2 млн 580 мың теңгесі өндірілген.
Бұдан өзге басқарма басшысының айтуынша, облыс аумағында 158 қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орындары белгіленген. 2020 жыл қорытындысымен жалпы 122 771 тонна қалдық жинақталып, оның 15 962 тоннасы қайта өңдеуге бағытталған. межеленген жылдық жоспар 13% толықтай орындалды. Ғарыштан түсіру нәтижесінде, облыс аумағында 265 бей-берекет қоқыс орындары анықталып, 252 нүктеге тазалау жұмыстары жүргізілген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

В Туркестанской области в этом году высадят до 30 млн деревьев

В Послании Президента РК народу Казахстана для улучшения экологической ситуации на территории Республики было поручено высадить 2 млрд саженцев деревьев. В связи с этим в текущем году в Туркестанской области планируется посадить 30 млн штук деревьев. Также будет сформирован зеленый пояс вокруг областного центра города Туркестан на площади 20 тыс. га. В настоящее время работы на 7 700 га завершены. Об этом сообщил руководитель управления природных ресурсов и природопользования Туркестанской области Кайрат Абдуалиев.
«В области имеется 3 млн 131 тыс. га земель лесного фонда, в том числе площадь лесных массивов составляет 1 млн 630 тыс. га. В 2020 году по мероприятиям по возрождению лесов полностью завершены работы на площади 11 610 га. На территории зеленого пояса г.Туркестан АО «КазАтомпром» дополнительно засеяло саженцы, семена саксаула и лиственные породы на 3 664,5 гектара. Также в два раза будет увеличены объемы лесных питомников, где в каждом году будет высаживать до 35-40 млн саженцев разных видов деревьев»,-сказал глава управления.
8 голов бухарских оленей, подаренных Елбасы Н.А.Назарбаевым в 2000 году, были направлены в специальный питомник, созданный на реке Сырдарья, где на сегодняшний день уже насчитывается 176 голов. Кроме того, ведутся переговоры с Созакским КГУ по охране лесов и животного мира по поставке из Алматинской области на племенные угодья в 200 га, предназначенных для переселения диких животных, куланов и джейранов.
В целях профилактики браконьерства в 2020 году сотрудниками лесной охраны организовано 1 076 рейдовых мероприятий, выявлено 344 факта нарушений. В результате наложено 2 млн 786 тыс. тенге административных штрафов, из них взыскано 2 млн 580 тыс. тенге.
Кроме того, по словам руководителя управления, на территории области установлено 158 свалок твердых бытовых отходов. По итогам 2020 года накоплено 122 771 тонн отходов, из них 15 962 тонны направлены на переработку. Намеченный годовой план выполнен на 13%. В результате космической съемки на территории области выявлено 265 несанкционированных свалок, проведена очистка 252 точек.


Региональная служба коммуникаций Туркестанской области