Еңбекті қорғау – адамды қолдау

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау кәсіподақ қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылады. Осы мақсатта «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Кентау қаласы, Түркістан қаласы, Сауран ауданының орта білім беретін ұйым басшылары және директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарларына онлайн оқыту- семинары өтті.

Серик Джамаловтың модераторлығымен өткен жиында қатысушыларға білім беру ұйымдарында еңбекті қорғауды ұйымдастыру, еңбек заңнамасы тұралы мол мағлұмат берілді. Кәсіподақ белсенділерінің білімі мен тәжірибесін толыстырып, көкейдегі сұрақтарына нақты жауап берген оқыту-семинарының соңында мұндай кездесулер алдағы күндері жалғасын тапса деген ұсыныс-тілек айтылды.

Еңбекті қорғаудың басты мақсаты қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін сақтау. Адамдар — ең құнды ресурс, сондықтан адам өмірін сақтау және қамқорлық барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс берушілерінің басты міндеті.

Айта кетейік семинардың барлық қатысушыларына игерілген тақырып бойынша әдістемелік құралдар және оқудан өткендігін растайтын сертификат берілді.