Отырар ауданы ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын көмек сұрап келген. Ол өзінің 3 жасар қызының үй ауласында ойнап жүріп, шығып кеткенін айтқан. Хабарды алған Отырар ауданы ПБ-ның Жергілікті полиция бөлімшесінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторлары полиция лейтенанты Қуаныш Сәтпаев пен полиция лейтенанты Жанарбек Нұрдаулет жоғалған баланы іздеуге бірден кірісті. Тәртіп сақшылары жан-жақты түгел шолып шығып, кішкентай қыздың жүруі мүмкін жерлердің барлығын мұқият тексерді. Полиция қызметкерлерінің тынымсыз еңбектерінің нәтижесінде 3 жасар бүлдіршін 5 шақырым қашықтықтағы жердегі көпқабатты үйлердің арасында ойнап жүрген жерінен табылды. Өз кезегінде отырарлық сақшылардың жеделділігіне риза болған анасы, өз алғысын жеткізді. «Полиция қызметкерлеріне рақмет. Небары 1 сағаттың ішінде жоғалған қызымды тауып берді. Істеріңіз алға баса берсін!»-деп шынайы алғысын айтты. Осы тұста Түркістан облысының полицейлері ата-аналарды балаларына сақ болуға шақырады. Кішкентай балаларды үйде жалғыз қалдырмау керектігін ескертеді. Сонымен қатар баланың тілі шыға салысымен аты-жөнін жаттатып, тұрғылықты мекенжайын үйретуге кеңес береді.
ТО ПД баспасөз қызметі