Түркістан облысында криминогендік ахуал тұрақты

криминогендік ахуал

Өңірде полицейлер жүргізген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде криминогендік ахуал тұрақты. Бұл туралы бүгін департамент бастығы Мұрат Қабденовтың төрағалығымен өткен жедел кеңесте айылды. Іс-шара барысында тиісті сала басшылары қылмыстардың тіркелімі, тергеу, жол қауіпсіздігі, «Таза Қазақстан» бойынша баяндама жасады.

Айта кетсек, қабылданған шаралар нәтижесінде жол көлік оқиғаларының саны -7,9 пайызға төмендеген. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың саны -19,6 пайызға, көшеде жасалған қылмыстар -14 пайызға азайған. Ал соттылығы жойылмағандармен жасалған қылмыстар саны -13,8%.

Облыстың бас полицейі М.Қабденов жеке құрамға алаяқтық қылмыстарын азайтуды, профилактиканы күшейтіп, есірткі қылмыстарына жол бермеуді, жол көлік оқиғаларын болдырмауды тапсырды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында тұрғындарға түсіндірме жүргізіп, сол бағыттағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ ҚР ІІМ Е.Саденовтың тапсырмалары мен нұсқауларын дер кезінде орындауды жеткізді.

Жиын соңында жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін нақты тапсырмалар жүктелді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі