Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықты алдын алу бойынша кеңес өтті

ҚР Ішкі істер министрі Е.Саденовтің тапсырмасымен, Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің төрағалығымен жедел кеңес өтіп, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының жұмыстары пысықталды.

Жиынға басшы құрам да қатысып, материалдық-техникалық жабдықталу, штаттық мәселе және жетістік мен кемшіліктерге тоқталды. Мәселен департамент бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев баяндама оқып, құрылым қызметкерлерінің жұмыс көрсеткіштерін жеткізді.

Кеңеске қатысқан қала, аудан басшылары мен жауапты қызметкерлерге департамент бастығы Мұрат Қабденов жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу үшін аталған сала мамандарының штат санын көбейту, толығымен қызметтік планшеттер мен автокөліктермен қамтамасыз етілуі, күнделікті жұмыс уақытынан бөлек, сағат 22:00-ден кейін кешкі рейдтерге шығу, жұмыс ауқымдылығының тиімділігін арттыру, қағазбастылықтан арылу мәселесін реттеуді тапсырды.

Сонымен қатар келесі жылы аталған сала сақшыларына қызметтік автокөлік бөлінетінін де айтып өтті. Жиын соңында әрбір қала, аудан басшысы өз аумағындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының жұмыстары бойынша тез арада кеңес өткізу міндеттелді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі