Шардара аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түскен ер адам арызында үйіне белгісіз біреу заңсыз кіріп, күш қолданып, ақшасы мен ұялы телефонын алып кеткенін жеткізген.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 192-бабы «Қарақшылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тәртіп сақшылары істің толық мән-жайын анықтау мақсатында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер күдіктіні ұстауға бағытталған жұмыстарды жүргізді. Нәтижесінде 43 жастағы күдікті ер азамат тұрғылықты үйінен ұсталды.
Ер адам қамауға алынып, күні тергеу амалдары жүргізілді. Белгілі болғандай, II-топтағы мүгедек жәбірленушіні күдікті ер азамат кешкі уақытта күш қолданып әрі қорқытып, ақшасы мен ұялы телефонын алып кеткен. Қарақшылық жасаған ер адамға қатысты іс-құжаттар жинақталып, сотқа жолданды. Соттың шешімімен мүгедек ер азаматқа шабуыл жасаған жігіт 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі