Түркістан облысы Сайрам аудандық полиция басқармасына 14.03.2021 жылы түнгі сағат 23:00 шамасында жергілікті әйел тұрғын күйеуінің із-түссіз жоғалғаны туралы айтып, арызданады деп хабарлайды ТО ПД-нің баспасөз қызметі.
Сайрамдық сақшылар арызды бірден тіркеп, жоғалған азаматты іздестіруге кіріседі. Жан-жаққа бағыттамалар беріліп, аудандық полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылады. Аудандағы такси жүргізушілерінен және көруі мүмкін деген тұрғындардан сұрақ-жауаптар алынады.
Осындай атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде аудан полицейлері күдіктінің ізіне түседі. Оның түр-тұлғасын анықтап, жоғалған ер азаматтың танысы екенін біледі. Күдікті Сайрам ауданындағы Қарамұрт ауылының тұрғыны болып шықты. Ол өз кінәсін мойындамай, жауаптан жалтаруға тырысады.
Алайда полицейлер дәлелдер мен айғақты заттарды жинақтап, жоғалған азамат өзінің «БМВ» көлігін тастап, тек осы күдіктімен жолыққанын және күдіктінің көлігіне отырып кеткенін толығымен дәлелдеп шығады. Осыдан соң барып, күдікті өз кінәсін толық мойындайды.
Тексеру барысында белгілі болғандай, жоғалған ер азамат өзінің танысындағы ірі көлемдегі ақшасын алу үшін жолыққан. Күдіктінің көлігіне отырып, жолда кетіп бара жатып екеуінің арасында дау жанжал туындаған. Нәтижесінде қарызды қайтарғысы келмеген күдікті ер азаматты аяусыз қылқындырып, жер жастандырған. Ал мәйітті өзінің бұрынғы жұмыс істейтін орны, карьердің маңына ауыр қылмысын жасыру мақсатында көміп тастаған.
Күдікті ер азамат қамауда. Ол бұрын сотты болмаған. Бүгінде оған қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Істің толық мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады.
В Туркестанской области пропавший мужчина стал жертвой убийства из-за долга
14.03.2021 г. в дежурную часть Сайрамского РУП обратилась местная жительница с заявлением о том, что накануне ее муж без вести пропал передает пресс-служба ДП Туркестанской области.
Данный факт полицейские сразу же зарегистрировали и приступили к розыску пропавшего мужчины. На его поиски ориентировали весь личный состав районного подразделения, а также разослали фото с его приметами. Стражи порядка опросили таксистов и других возможных очевидцев.
В результате оперативно-розыскных мероприятий сотрудники Сайрамского РУП вышли на след подозреваемого в исчезновении сельчанина. Задержанным оказался житель п. Карамурт Сайрамского района. В ходе расследования подозреваемый отрицал свою причастность и отказывался от дачи показаний. Однако, на основе собранных улик, следователям удалось доказать, что пропавший мужчина оставил свою автомашину «БМВ» и сел именно в автомашину подозреваемого. После предъявления неопровержимых доказательств, задержанный полностью признался в содеянном.
Следствием установлено, что потерпевший встретился со своим знакомым, чтобы забрать свой долг. Затем он сел в машину подозреваемого, где по дороге между ними вспыхнула ссора. В результате чего, подозреваемый, который не хотел возвращать деньги, задушил потерпевшего. С целью сокрытия тяжкого преступления, он закопал тело убитого возле местного карьера.
В настоящее время по данному факту проводится досудебное расследование по статье 99 ч. 1 УК РК «убийство». Подозреваемый находится под стражей. Полицейскими выясняются все обстоятельства произошедшего.