Қызмет бабында қайтыс болған полицейлердің жұбайларына мерекелік сыйлықтар табысталды

Шуақ шашқан көктем мерекесі қарсаңында, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, жылдағы дәстүрге сай қызмет бабында қайтыс болған полицейлердің жұбайларын арнайы шақырып, мерекелерімен құттықтады.

Қаза болған полицейлердің артында қалған ұрпағын тәрбиелеп отырған отаналарына гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтарын табыстады.

Өз кезегінде асыл аналар, елеп-ескеріп, құттықтап жатқан полицейлерге алғыстарын білдіріп, дендеріне саулық, бастарына амандық тіледі.

Жалпы халық алдында берген антына адал қызмет атқарып, ерлікпен қаза тапқан полицейлер ешқашан ұмытылмақ емес. Олардың ерлігі әрқашан әріптестерінің жадында!

Сондықтан Түркістан облысының полицейлері жұлдызы ерте сөнген полицейлердің есімдерін, оның отбасын ұмытпай, әрдайым қолдан келгенше қолдау білдіріп отырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі