Бүгінгі таңда карантин талаптарын сақтамай, шектеу шараларын елемейтіндер қатары азаяр емес. Жақындары мен туыстарының басын қосып, көпшілікке той беріп, жиын жасап жатқандар әлі де анықталуда деп хабарлайды ТО ПД-нің баспасөз қызметі. Мәселен, Мақтаарал АПБ-нің поолицейлері карантин талаптарын өрескел бұзған жергілікті тұрғынды анықтады. Ол өз үйінің ауласында 50-ге жуық туыстарының басын қауіп-қатерге тігіп, «Беташар» тойын өткізген. Тәртіп сақшылары аталған жайт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» тіркеуге алып, іс-құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау үшін тиісті мекемеге жолдады.Облыс полицейлері ескертеді, карантин кезінде той-жиындар, басқосулар, отбасылық, мерекелік, ұжымдық іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынған. Оған қоса бетперделік режим мен арақашықтықты үнемі сақтау міндеттеледі. Сондықтан заңға баршамыз бірдей бағынайық!