Түркістан облысының бас полицейі Мұрат Қабденовтің төрағалығымен Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын талқылау жиыны өтті. Аталмыш жиын Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында ұйымдастырылды. Алғашқы сөз кезегін алған полиция генерал-майоры М.Қабденов «Мемлекет басшысы сайланып, қызметке отырғалы бері халыққа мән-маңызы зор Жолдауларды арнап, елдің дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру тарапынан қыруар жұмыстар атқарылып келеді. Сондықтан жолдауда айтылған әрбір сөз халық үшін маңызды. Ішкі істер органдарына қатысты айтылған жолдарды да біз назарға алып, бұлжытпай іске асыруымыз керек. Президенттің жолдауы – жаңа мүмкіндіктерді береді. Ендеше жұртқа жақын полиция, сервистік полиция моделі, естуші мемлекет жобалары аясында жұмысымызды тиянақты әрі сапалы орындауымыз қажет. Жолдауды мұқият оқып, әрбір сөзіне мән беріңдер!», — деп жиналған полицейлерге тапсырмасын берді.Түркістан облысы Полиция департаментінің басшысы полиция генерал-майоры Мұрат Талапұлы жиналғандарға жолдауды таныстырып, Президенттің сөздерін жеткізді. Өз кезегінде мәжіліс залына жиналған полицейлер жолдауды мұқият тыңдады. Әрбір бөлімі бойынша жекелей пікір алмасып, алдағы уақытта атқарылар жұмыстарды да пысықтады. Ия, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына әркез жолдауларын арнап, халықтың жағдайын жақсарту, экономикалық даму, денсаулық сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету секілді мәселелерге жіті мән беріп келеді. Ендеше бұл жолғы да жолдау Қазақстан тұрғындарына үлкен үміт сыйлап, ел өркендеуіне үлес қоспақ!
ТО ПД баспасөз қызметі