Жетісай ауданында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің және Түркістан облысы ПД тапсырмасына сәйкес тиісті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және заңсыз көші-қонның жолын кесу мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізілді деп хабарлайды ТО ПД-ның баспасөз қызметі. Яғни шетелдіктерді тиісті құқық тәртібімен қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, дәстүрлі емес діни ағымдағы азаматтарды оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушылықтарды анықтау аясында ауқымды жұмыстар атқарылды. Аталған шара барысында Жетісай қаласы аумағында заңсыз , яғни жұмыс жасауға тиіс құжаттарын рәсімдемей құрылыс және аспаздықпен айналысып жүрген 15 шетел азаматы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен «Шетелдіктің немесе азамттығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтық көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы» әкімшілік хаттама толтырылды. Заңды шара қолдану мақсатында Жетісай аудандық сотына жолданды. Ал шетелдіктерді заңсыз жұмыс күшіне тартқан 6 ҚР азаматына ӘҚБтК-нің 519-бабымен «Шетелдік жұмыс күшін және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып еңбекші көшіп келушілерді тарту» әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Жетісай аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің қызметкерлері көші-қон заңдылықтарын қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында жазылған талаптарға қатысты құқық бұзушылық орын алған жағдайда жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді!