Қауіпсіз Жаңа жыл!

Бөрлі ауданының ПБ қызметкерлері «ПИРОТЕХНИКА» жедел-алдын алу іс-шаралары шеңберінде аудан аумағындағы дүкендерді аралап пиротехниканы заңсыз әкелу фактілерін анықтау және лицензияланбаған пиротехникалық өнімдерді сатуға жол бермеу туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында дүкенің сатушылары кеңес алды және жадынамалар табыс етілді.

БҚО Полиция департаменті