Түркістанның академиялық есу шеберлері Өзбекстаннан олжалы оралды. Механикалық есу түрі бойынша Өзбекстанның ашық чемпионатында сынға түскен жерлестеріміз 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль еншіледі.Түркістан облысының су спорты түрлері мектебінің өрендері сапынан 13 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында В.Ковалева мен И.Калинин чемпион болды. Ал 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Е.Носкова күміс жүлдегер атанса, топтық бәсекеде К.Әділет, Б.Цатышаев, Е.Носкова және В.Волкодавова қола жүлдені еншіледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі