Түркістан полицейлері тұрғынның 13 миллион тұратын көлігін заңсыз айдап кеткен күдіктіні ұстады

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адам өз арызында, белгісіз азамат автожуу бекетінен «Тойота» маркалы автокөлігін рұқсатсыз айдап кеткені бойынша шағымданған.Аталған жайтты полицейлер ҚК 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркеуге алып, бірден іске кірісіп кетті. Қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары оқиға орнына шығып, жедел-тергеу амалдарын бастайды. Полицейлер тарапынан көлік ұрлаған күдіктіні құрықтау мен түр-тұлғасын анықтау үшін, қажетті барлық шаралар атқарылды. Соның нәтижесінде, арада небары 3-4 сағат өткенде полицейлер жәбірленушінің көлігін заңсыз иемденіп кеткен азаматты жол көлік оқиғасына түскен жерінен анықтады. Осылайша Кентау ПБ полиция қызметкерлері күдікті ретінде жергілікті тұрғынды құрықтады. Оны ПБ-ға жеткізді.Белгілі болғандай, күдікті жас жігіттің көлік жуу орталығында жұмыс жасайтыны анықталды. Ол көлік жууға келген келушінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері көлік ұрлығын болдырмау үшін, көліктерін бейнекамерамен жабдықталған, жарықтанған автотұрақтарға қою керектігін ескертеді. Ал автокөліктерге құжаттарды, үй кілтін, бағалы заттарды қысқа уақытқа болса да тастап кетуге болмайтынын жеткізеді. Егер де, сіз, қандай да бір қылмыстық оқиғаның немесе ұрлықтың куәсі, құрбаны болсаңыз, полицияның «102» нөміріне жедел түрде қоңырау шалыңыз.

ТО ПД баспасөз қызметі