Түркістан қаласы аумағында «борышкер» жедел алдын алу іс шарасы өтуде

2022 жылдың 01 және 10 қазан аралығында әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыларды уақытында орындау мақсатында Түркістан облысы Полиция Департаментінің нұсқауына сәйкес, Түркістан қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері және жеке сот орындаушы палатасының қызметкерлерімен бірлесе қала аумағында «Борышкер» жедел алдын алу іс шарасы өтуде.

Құрметті түркістан қаласының тұрғындары!

Түркістан қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері Сіздерден әкімшілік құқық бұзушылық жасамауларыңызды, ал әкімшілік жауапкершілікке тартылған жағдайда салынған айыппұлдарды уақытылы төлеу қажеттігін еске салады.

Қосымша ақпаратты Түркістан қаласы Полиция басқармасына келiп немесе 102 және немесе 42-2-02 байланыс телефондары арқылы бiлуге болады.

Ntime.kz