Үздік тұлға

Ербекешов Нұрлан Хұсанұлы 1976 жылы 8-тамызда Өзбекстан Республикасы, Сырдария облысы, Сырдария ауданында дүниеге келген.

1993 жылы Экономика және құқық колледжінің «Құқықтану», 2003 жылы Қарағанды Экономикалық университетін «Экономика саласында құқықтық реттеу, заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

1998-2018 жылдар аралығында Төлеби аудандық сотында сот мәжілісінің хатшысы, Төлеби аудандық әділет басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы, Оңтүстік қазақстан облысының Әділет департаментінде бөлім басшысы қызметін атқарған.

Қазіргі уақытта Түркістан облысы Әділет департаментінде құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы қызметін атқаруда.​

Лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің, Түркістан облыстық мәслихатының, Түркістан қаласы әкімінің, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан облысының Әділет департаменттерінің грамоталары, алғыс хаттарымен және «Қазақстанның Заңгерлер одағы» РҚБ-ның Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Түркістан облысының Әділет департаменті