Ішкі істер органдарының басым бағыттарының бірі — кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Бұл бағытта кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор үлкен рөлге ие. Сондықтан жастармен жұмыс істеуге тәжірибесі тың тәртіп сақшылары таңдап алынады.Мақтаарал АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы Нұрлыбек Нысанбаевтың бұл қызметте еңбек етіп келе жатқанына 10 жылға жуық уақыт болған. Өзіне бекітіліп берілген аумақта 6 мектеп бар. Онда 3000-нан астам жас білім алуда. Барлығына Нұрлыбек Өмірзақұлы қадағалау жұмыстарын жүргізіп, жастардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында абыройлы қызмет етіп келеді.-Кәмелетке толмағандардың заңға бағынуын қалыптастыру және құқықтық сауаттылығын арттыру үшін тұрақты негізде жедел-профилактикалық іс-шаралар және құқық қорғау бағытындағы акциялар жүргізіп отырамыз. Мәселен, «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Жұмыспен қамту» және «Мен және менің полицейім» және т.б. Сондай-ақ ювеналды полиция мен педагогикалық ұжымдар және ата-аналар комитеттерімен бірлесіп іс-шаралар өткіземіз. Басты мақсат – жастар арасындағы қылмысты болдырмау, алдын алу, құқықтарын қорғап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету – дейді полиция капитаны.Нұрлыбек Нысанбаев Мақтаарал ауданында дүниеге келген. Жергілікті жердегі мектепте білім алған соң, Шымкенттегі М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де «заңгер» мамандығын меңгерді. 2012 жылы еңбек жолын АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы болып бастады. Содан бері абыройлы қызметімен көпшіліктің алғысына бөленуде.-Балалармен жұмыс істеген ұнайды. Олармен жиі кездесіп отырамыз. Мәселелері болса жеке қабылдаймын. Ал, жалпылама кездесуде түрлі тақырыптар бойынша кеңестер беремін. Барлық ұстаздар мен оқушылар жақсы таниды. Жиі-жиі кездесіп, профилактикалық жұмыстар жүргізіп тұрамын. Сонымен қатар, әлеуметтік аз қамтылған отбасылармен де жұмыс жүргізіп, бала құқығын қорғау мәселелеріне көңіл бөлеміз. Оқушылар арасында заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру ұстаздар мен мектеп инспекторының тиімді қызметіне тәуелді – дейді тәртіп сақшысы.Нұрлыбек Өмірзақұлының күнделікті жұмысы әрбір мектептегі жастардан хабар алып, профилактикалық жұмыстар жүргізу. Сондай-ақ, орын алған құқықбұзушылықтарды анықтап, тиісті шара қолдану. Бұл бағытта кәсіби маман уақытпен санаспай қызмет атқарады. Ұстаздар мен ата аналар да тәжірибелі тәртіп сақшысының еңбегін жоғары бағалайды. Ал, жастар «Біздің жанашыр» деп біледі.Нұрлыбек Нысанбаев қалтқысыз қызметі үшін көптеген марапаттарға ие болған. Аудан әкімі мен мәслихат хашысының, «Nur Otan» партиясы мен жергілікті полиция басқармасы басшысының алғыс хаттарының иегері. Ал отбасында бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған үлгілі әке. Жұбайы бала тәрбиесін қолға алған.
ТО ПД бпспасөз қызметі