Бүгін №9 Меркі көпсалалы колледжінде өткізілген «Тәуелсіздік-жыр басы» атты аудандық ақындар айтысы өз мәресіне жетті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы ,Сыпатай Әлібекұлының 240 жылдығы,Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған ақындар айтысына сегіз ақын қатысты.
Бірінші сөз кезегі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Иманалиев Қамбар ақсақалға беріліп, ақсақал болашақ жастарға сәттілік тілеп, ақындармен мақтанатынын жеткізді.
Келесі кезекте Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы КММ-нің директорының орынбасары Тәуелсіздіктің төл құрдасы Султаналиев Нұрбол Анарбекұлы Тәуелсіздікке арналған өлең жолдарын тарту етті.
Әрмен қарай алғашқы жұпта өнер көрсеткен Мұқағали Балтабай өзінің төселген ақын екендігін, Адабаева Аружан келешегінен үлкен үміт күттіретін ақын болып өсіп келе жатқандығын көрсетті. Әбдіманап Дулат, Кераматдин Жанқуат бәйгеде бас бермейтін ақын екендіктерін дәлелдеді. Әділқазылар алқасының айтқан сын ескертпелерін дұрыс қабылдап, келесі айтыстарда шеберліктерін шыңдай түсетіндеріне сенім білдірді. Осындай іс-шараларға көпшілік қауым жағынан да қолдау керектігін, сондай-ақ алқа мүшелері айтыстың жиі өткізіліп тұруын айтып өтті. Қара қылды қақ жарған әділ-қазылардың шешімімен Бас жүлдені Мұқағали Балтабай қанжығасына байлады, І орынды Аружан Адабаева еншіледі. Айтыс соңында Әділқазылар алқасы ақындардың өнерін саралап, тиісті орындарын белгілеп, қаржылай сыйлықтарын табыс етті. Жыр бәйгесі Көрермен көңілінен шығып өз дәрежесінде өтті.
Меркі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі